Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті
2025 жылғы 13 мамырда Арман Исмаиловтың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды: 1) Қостанай қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы; 2) Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен қала аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы.
Қостанай қаласының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы мәселені қарау шеңберінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына сәйкес депутаттар – комиссия мүшелері Қостанай қаласының әкімі Жүндібаев Мараттың есебін тыңдады.
Сондай-ақ, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Арман Испудинов депутаттар алдында 2024 жылға арналған қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы баяндама жасады.
Тұтастай алғанда, есепті кезеңге арналған бюджетті бекіту кезінде салық түсімдері бойынша болжамды деректер бюджет кірістерін болжау әдістемесіне сәйкес жоспарланады.
2024 жылға арналған Қостанай қаласы бюджетінің негізгі параметрлері нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып орындалды.
Іс жүзінде 2024 жылғы түсімдер 119 443 750,4 мың теңгеге немесе нақтыланған жоспарға 103,7 пайызға орындалды.
2023 жылғы нақты түсімдермен салыстырғанда есепті жылы салық төлемдерінің 231 056,7 мың теңгеге немесе 32%-ға және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 36,3 мың теңгеге немесе 36,5 мың теңгеге ұлғаюы есебінен есепті жылы 12 468 893,4 мың теңге немесе 10%-ға артық түсті.
2024 жылғы шығыстар бюджеті 118 956 638,2 мың теңге жоспармен 118 832 612,9 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.
Баяндама қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы жүзеге асыру үшін бірқатар ұсынымдар жасады.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат Қожұқов пен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері де өз ақпараттарын ортаға салды.
Сонымен қатар, мәслихат уәкілеттік берген тұлға Дмитрий Павленко 2024 жылға арналған бюджет туралы қорытындыны ұсынды.
Халық қалаулылары жергілікті атқарушы органдардың бюджеттің кіріс бөлігінде де, шығыс бөлігінде де атқарылуы бойынша елеулі жұмыстар атқарғанын атап өтті. Ал жалпы көрініске тоқталатын болсақ, бюджетті атқару тиімділігі айтарлықтай жоғары деп айта аламыз.
«Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қала аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы» күн тәртібіндегі екінші мәселесін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қостанай қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы» РММ басшысы Аслан Махмұтов таныстырды.
Отырыстың қорытындысы бойынша комиссия мүшелері бірауыздан дауыс беріп, күн тәртібіндегі мәселелерді Қостанай қалалық мәслихатының кезекті оныншы сессиясының бекітуіне ұсынды.