Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 22 мамырға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қалыптастырылған сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта мәліметтерін;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының қалыптастырылған сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірмесін;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
4) кандидаттардың қалыптастырылған сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштерін.
Қалыптастырылған сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың жұмысқа қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған (www.maslihat.kostregion.gov.kz).
Қалыптастырылған сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссияларының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 22 мамырға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қостанай қалалық мәслихаты
Байгабулов Омаргали Кабиевич - Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.
Жауапты тұлға - Тлеугалеева Айжана Эрбулановна, №209 бөлме, (87142) 575561, maslihatkost@mail.kz.
Қостанай қалалық мәслихаты қалыптастырылған сайлау комиссиялары мүшелерін сайлайды:
№ |
Комиссияның атауы |
Орналасқан жері |
1 |
№ 874 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қостанай қ., Береке шағын ауданы, 142/2, Қостанай облысы білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31 жайлы мектебі» КМҚК ғимараты. |
2 |
№ 875 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қостанай қ., Юбилейный шағын ауданы, 24, Қостанай облысы білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 3 бөбекжай бақшасы» КМҚК ғимараты. |
3 |
№ 876 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қостанай қ., Қобыланды батыр даңғылы, 46/1, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 22 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты. |
4 |
№ 877 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қостанай қ., Г.Қайырбеков көшесі, 397, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 түзету мектеп-интернаты» КММ ғимараты. |
5 |
№ 878 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қостанай қ., Аэропорт шағын ауданы, 7, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 32 жайлы мектебі» КММ ғимараты. |
6 |
№ 879 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қостанай қ., Ленинград көшесі, 34, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты. |
7 |
№ 880 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қостанай қ., М. Хакимжанова көшесі, 15, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 бөбекжай бақшасы» КММ ғимараты. |