Сессия жұмысына "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) басшысы – Тұрсынбаева Гүлнара, "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы – Оразалинова Алина, "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесінің басшысы – Манатова Ақбопе қатысты.
Күн тәртібінде депутаттардың бірауыздан шешімімен кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы комиссиялардың төрт дербес құрамына өзгерістер бекітілді.
Атап айтқанда, Қостанай қаласы әкімдігінің дербес құрамына; қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамына; кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына Қостанай қаласы; мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамына кіреді.