Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты  комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Бүгін, 2025 жылғы 11 сәуірде Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа Қостанай қаласы прокуратурасының өкілдері, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы,   «Тазалық-2012» ЖШС, БАҚ өкілдері қатысты.

На  повестке дня рассмотрены вопросы:

  1. Қостанай қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі  № 2-090107-25-01435 «Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмеге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 155 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 137 шешіміне наразылығын қабылдау не қабылдамау туралы.
  2. Мәслихаттың 2020 жылғы 21 шілдедегі № 493 «Қостанай қаласы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының көпшілік даусымен «Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмеге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы  26 қыркүйектегі № 155 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәслихаттың   2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 137 шешіміне шешіміне прокуратураның наразылығын қабылдамау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, депутаттардың бірауыздан шешімімен Қостанай қаласы әкімдігінің дербес құрамын өзгерту жөніндегі сессияны бекітуге шешім жобасы енгізілді.