Бүгін, 2025 жылғы 28 наурызда Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мәжит Шуленов, Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік бөлімдерінің басшылары қатысты. Күн тәртібін бекіту алдында Мәжит Шуленов депутаттар мен шақырылғандар алдында құттықтау сөз сөйледі.
Қостанай қалалық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, мәслихат төрағасының 2024 жылы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды, ол экранда слайдтарды көрсетумен қатар жүрді. Жалпы, мәслихат төрағасының есебі жан-жақты қаралып, депутаттардың бірауыздан шешімімен бекітілді.
Сонымен қатар, Қостанай аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Раушан Мейрамова ұсынған "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат тыңдалды. Бұл мәселе тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында алдын ала қаралып, сессияның бекітуіне енгізілді. Ақпарат депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен назарға алынды.