Бүгін 2025 жылғы 19 наурызда Арман Исмаиловтын төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бахтияр Жумабеков ««Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы» Гульсара Курмангалиева қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Алып қою рәсімінің басталғаны туралы алынатын жер учаскесінің меншік иесіне міндетті түрде алынғаны туралы міндетті белгілермен пошта байланысы арқылы жеткізіледі.
Жер учаскесін алып қою кезінде өтемақы мөлшері мүліктің нарықтық құны бойынша айқындалады, сондай-ақ өзге де баламалы жер учаскесін беру түрінде көрсетілуі мүмкін.
Мәселен, 2022 – 2024 жылдар кезеңінде облыс орталығының аумағында қаланы абаттандыру және автомобиль жолдарын реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде жалпы ауданы 2,1280 га 16 жер учаскесіне қатысты 596,7 млн.теңге көлемінде меншік иелеріне ақшалай өтемақы төлей отырып, мәжбүрлеп алып қою бойынша іс-шаралар өткізілді.
«Қостанай қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы», «Қостанай қаласы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мулкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» ақпарат депутаттардың бірауыздан шешімімен мәселелер Қостанай қалалық мәслихатының сессиясын бекітуге енгізілді.
«2025 жылы мемлекет мұқтажы үшін алып қою мақсатында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі жұмыстарға талдау жүргізу және осы мақсаттарға бюджет қаражатын пайдалану туралы», «Бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларының іске асырылу барысы туралы: оларды іске асырудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен оларды шешу тетігі» туралы ақпарат бірауыздан назарға алынды, сондай-ақ тиісті қаулы қабылданды.