Бүгін, 2025 жылғы 12 наурызда Надежда Костенюктың төрайымдылығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру туралы» мәселені қарады.
Қостанай қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Сания Шарипова депутаттардың құқықтарына, жауапкершілігіне, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға, депутатты кері қайтарып алуға және депутаттық мандаттан айыруға қатысты кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты депутаттардың назарына жеткізді.