Бүгін, 2024 жылғы 23 шілдеде Костенюк Надежданың төрайымдылығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы», «2024 жылға арналған Қостанай қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы», «№ 10 сайлау округі бойынша Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Адильхан Багдатович Мукановтың өкілеттігін тоқтату туралы».
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Қостанай қалалық мәслихатына Қостанай қаласы әкімінің «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағын келесі кандидатураларға беру туралы ұсыныстары келіп түсті: білім беру ісінің үздігі, құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының спорт қайраткері Бектұрғанов Серік Шыңғысұлына, Қостанай облысындағы жалғыз муниципалды үрмелі оркестрдің жетекшісі, дарынды музыкант Губенко Алексей Алексеевичке, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 10 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгі иегері Каирова Сабира Бирмағамбетқызына, сондай-ақ көп жылғы адал еңбегі және қаланың құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін осы атаққа Ким Игорь Романович ұсынылды.
Бұл кандидатураларды қаланың қолдаухат ұсынған ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері ұсынды.
Екінші мәселе бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Айжаров Диардың ақпараты тыңдалды. Оған сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және Қостанай қаласында 1 м2 кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған ең төменгі тариф құнының әзірленген есебі 40 теңгені құрайды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселені Қостанай қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы С.С. Шарипова ұсынды, ол өз кезегінде депутаттық қызметті жүзеге асыруға сәйкес келмейтін мемлекеттік лауазымға сайлануына байланысты қалалық мәслихат депутаты Адильхан Багдатович Мукановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ақпаратты депутаттардың назарына жеткізді.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсынылған мәселелер Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілді.