Бүгін, 2024 жылғы 4 маусымда Меруерт Жабаеваның модераторлығымен депутаттардың дөңгелек үстел форматындағы отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Қостанай қаласындағы аула алаңдарын абаттандыру шаралары мен жай-күйі туралы» мәселе қаралды.
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Алтынбек Қайратұлының ақпараты бойынша Қостанай қаласында барлығы 474 аула аумағы бар. Оның ішінде 299 аула абаттандырылды, оның ішінде 74 спорт алаңы, 129 балалар-спорт алаңы және 96 балалар алаңы орнатылды.
2023 жылы 18 балалар-спорт алаңы орнатылды, оның ішінде жалпы сомасы 282,2 млн.теңгеге 8 балалар, 5 спорт және 5 стритбол алаңы. Халық қатысуының бюджеті (бұдан әрі – ХҚБ) шеңберінде 274,2 млн. теңге сомасына 17 аула алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде балалар және спорт алаңдары, баскетбол және футбол алаңдары, хоккей кордтары, балалар манежі орнатылды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша аула аумағын абаттандырумен 557,1 млн. теңге сомасына 35 алаң қамтылды. Қосымша, 2023 жылы 19,0 млн. теңге сомасына 30 балалар-спорт алаңын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аула алаңдарын абаттандыру аясында 2024 жылы 350,0 млн. теңге сомасына 20 балалар-спорт алаңын орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ БНУ шеңберінде ағымдағы жылы жалпы сомасы 176,0 млн.теңгеге 7 балалар-спорт алаңын орнату жоспарлануда. Ағымдағы жылы балалар алаңдарын жөндеуге 33,6 млн.теңге бөлінді, 41 балалар және спорт алаңдарын жөндеу жоспарланған.
Сонымен қатар, отырыста Қостанай қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік мәселелер, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктерімен байланыс жөніндегі комиссияның мүшесі Меруерт Жабаеваның 2024 жылғы 1 тоқсандағы депутаттық қызмет бойынша атқарған жұмысы туралы есебі қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар жергілікті атқарушы органның орнату, абаттандыру жұмыстарын, сондай-ақ шарт шеңберінде балалар алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметін атап өтіп, ұсынылған ақпаратты мәліметке алды.