Бүгін, 2024 жылғы 25 сәуірде Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына "Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Мира Қазкеева және "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Меруерт Таңатарова қатысты.
Күн тәртібіне нормативтік-құқықтық сипаттағы 2 сұрақ қойылды: "Қостанай қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" және "Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Депутаттардың бірауыздан шешімімен келу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде туристерді орналастыру орындарында Қостанай қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна ставкалары бекітілді.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының негізінде 2024 жылғы 30 сәуірге дейін Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының жұмысында үзіліс жарияланды.