«Ауладағы қауіпсіздік: қоқыс алаңдарымен байланысты мәселелерді шешу» тақырыбында кеңес өтті.

«Ауладағы қауіпсіздік: қоқыс алаңдарымен байланысты мәселелерді шешу» тақырыбында кеңес өтті.

Бүгін 2024 жылғы 17 сәуірде Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Төлетаев Ерланның төрағалығымен «Ауладағы қауіпсіздік: қоқыс алаңдарымен байланысты мәселелерді шешу» тақырыбында кеңес өтті.

Кеңеске Қостанай қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Алтаев Ернұр, полиция капитаны, Қостанай қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік инспекторлары, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Айжанов Дияр,                         «Тазалық – 2012» ЖШС басшысы Кушнир Александр,  «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің басшысы Петрухно Денис, Қостанай облысы бойынша Қазэкопатруль директоры Фролов Максим, азаматтық эко-белсенді «Хелпер» экологиялық жобасының негізін қалаушы Чечулина Ольга, қоқыс шығаратын компанияларға қызмет көрсететін ПКСК, ОСИ өкілдері.

Кеңес барысында қоқыс алаңдарын күтіп ұстау және қызмет көрсету, тұрмыстық қатты, сұйық, құрылыс және басқа да қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қоқысты шығару бойынша бәсекеге қабілетті орта құру қажеттілігі туралы тақырып қозғалды.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.