Бүгін, 2024 жылғы 29 наурызда Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев, Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс басталар алдында Омарғали Байғабылов пен Марат Жүндібаев өткен және қазіргі сайланған депутаттарды, мәслихат аппаратының қызметкерлерін Қазақстан Республикасында мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, бірлескен жемісті жұмысы мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдірді.  Өткен және қазіргі сайланған депутаттарға алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін мәслихат төрағасы экранда фотофактілерді көрнекі түрде көрсете отырып, 2023 жылы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есепті ұсынды. Жалпы, мәслихат төрағасының есебі жан-жақты қаралып, депутаттардың бірауыздан шешімімен бекітілді.

Бұдан басқа, «Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы» РММ бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Нұржанұлы Ерденнің Қостанай қаласында ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жүйелі шараларды қолдану туралы ақпараты тыңдалды. Ақпарат көпшілік дауыспен қабылданады.