Бүгін, 2023 жылғы 2 қарашада Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім жобаларын келісу мәселесі қаралды.
«Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Бақтияр Жұмабеков депутаттарды мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы екі келісім жобасын таныстырды.
Комиссия отырысына иеліктен шығарылған жер учаскелерінің меншік иелері қатысып, ұсынылған келісімдердің талаптарымен келіскендерін растады.
Комиссия мүшелері ұсынылған келісім жобаларын бірауыздан мақұлдады.