Бүгін, 2023 жылғы 21 қыркүйекте Омарғали Байғабуловтың төрағалық етуімен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы онлайн режимде өтті.
Отырысқа «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Меруерт Таңатарова қатысты.
Күн тәртібінде Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жеке құрамын бекіту мен өзгертуге қатысты мәселелер қаралып, бекітілді.
Сондай-ақ, бірауыздан қабылданған шешіммен «Қостанай қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітіліп, Қостанай қалалық мәслихатының шешімінің күші жойылды.