2023 жылғы 20 қыркүйекте Н. В. Костенюктің төрайымдылығымен Қостанай қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының отырысы өтті.

2023 жылғы 20 қыркүйекте Н. В. Костенюктің төрайымдылығымен Қостанай қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының отырысы өтті.

             Бүгін, 2023 жылғы 20 қыркүйекте Н. В. Костенюктің төрайымдылығымен Қостанай қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының отырысы өтті.

            Комиссия жұмысына: Әлмағамбетов Қуат Райханұлы - Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Қостанай қаласы дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың төрайымдары № 2, 4, 5, 6 емхана, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның өкілі, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қ. А.М. Горький атындағы гимназия» КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қатысты.

            Күн тәртібінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар үйде оқитын балаларға арналған дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамаларын беру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер қаралды.

            Отырыс барысында күн тәртібі мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірген барлық мүдделі тараптар тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия ДКК және ПМПК анықтамаларын беру кезінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның өкілдері мен мүшелеріне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға нормалар мен медициналық көрсеткіштерді сақтауды ұсынды.