Бүгін, 2023 жылғы 19 қыркүйекте А.О. Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Комиссияда «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндеттерін атқарушысы Роза Сәрсенқызы Кенекбаева және Теміртау қаласының сәулет-қала құрылысы орталығының төрағасы Сергей Михайлович Ачкасов ұсынған «Әл-Фараби даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің» кіреберіс топтары бар қасбеттерді визуализациялау тұжырымдамасы қаралды.

Сондай-ақ, комиссияда отбасын бейімдеу және қолдау орталығына қоныстандыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту және консультативтік-кеңесші органның дербес құрамына өзгеріс енгізу, Қостанай қалалық мәслихатының шешімінің күшін жою мәселелері қаралды. Ақпаратты «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндеттерін атқарушысы Таңатарова Меруерт Абайқызы ұсынды.

Сонымен қатар, «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы А.Э. Тілеуғалеева комиссия мүшелеріне «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы ақпаратты ұсынды.

Комиссия мүшелері мәселелерді талқылау барысында қасбеттерді визуализациялау тұжырымдамасын ескертулермен мәліметке алып, бірқатар мәселелерді сессияның бекітуіне енгізді.