Құрбан айт мерекесімен құттықтау!

Құрбан айт мерекесімен құттықтау!

Құрметті қостанайлықтар!

          Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мереке – ғасырлар бойы халықтың бірлігін нығайтып, ең жоғары адамгершілік құндылықтар – жақсылық, жанашырлық пен мейірімділікті бейнелейді.

          Құрбан айт – халқымыздың ең бай рухани мұрасының ажырамас бөлігі, ол ең бейбіт діндердің бірі – исламға тән шынайы жасампаздық пен рухани жаңару негіздерін қамтиды.

          Исламның шынайы құндылықтары халқымыздың рухани дамуында маңызды рөл атқарады. 

          Құрбан айт бізге күш пен шабыт сыйлап, игі істер мен іс-әрекеттерге баулып, әр үй мен отбасына қуаныш пен үміт сыйласын. Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық пен құт-береке тілейміз!

Құрметпен қостанай қалалық маслихаты апараты!