Пресс-релиз

Пресс-релиз

2023 жылғы 21 маусымда сағат 11.00-де Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 109, Балалар шығармашылығы мектебі мекенжайы бойынша Қостанай қалалық мәслихаты «халықтың келесі мәселелер бойынша пікірін есепке алу» күн тәртібімен қоғамдық тыңдаулар өткізеді:
1.Орал көшесін Шақшақ Жәнібек батыр көшесі деп қайта атау туралы;
2.Джержинский көшесін Сағадат Нұрмағанбетов көшесі деп қайта атау туралы;
3.Урицкий көшесін Самат Бакиров көшесі деп қайта атау туралы;
4.Железнодорожная көшесін Бертран Рубинштейн көшесі деп қайта атау туралы;
5.Гашек көшесінің бойында орналасқан саябаққа «Ұлы Дала» атауын беру туралы.

Осыған байланысты, журналистер мен БАҚ өкілдерін осы тақырыпты жариялау үшін қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырамыз.