2023 жылғы 2 маусымда сағат 11.00-де Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралатын болады:
1.Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 1416/РП 11 Қостанай қаласының кәсіпкерлері үшін бөлшек салық мөлшерін азайту мәселесі жөніндегі хатын қарау туралы.
2.Қостанай қаласы әкімінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 6-33/1840 Орал, Дзержин, Урицкий, Железнодорожная көшелерін қайта атау және Қостанай қаласы Гашека көшесінің бойындағы саябаққа атау беру туралы хатын қарау туралы.
Отырыс Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, шағын мәжіліс залы мекенжайы бойынша өткізіледі.
Анықтама телефоны: 8 (8714-2) 57-55-61, 8 (714-2) 54-26-46