2023 жылғы 19 мамырда Қостанай қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2023 жылғы 19 мамырда Қостанай қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

19 мамыр күні Қоғамдық кеңестің отырысында қарастырылды:

1) Қостанай қалалық мәслихатының  «Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы;

2) Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасы;

3) Қостанай қаласы әкімдігінің «Жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» («Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» МКК) қаулысының жобасы қаралды.

Сонымен қатар, Қостанай қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Манатова Ақбопе Рахымжанқызы «Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» тақырыбымен және «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Қаламқас Нұрахметқызы Сандыбаева «Қостанай қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы» тақырыбында баяндама жасады.