Бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияның отырысы өтті

Бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияның отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Игорь Алексеевич Бибиннің төрағалығымен бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияның отырысы өтті.

Комиссияда мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою мәселелері қаралды.  «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Динара Канапьяновна Турсунбаева жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың үш жобасын қарауға ұсынды. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының           65-бабына сәйкес комиссия жер учаскелерінің меншік иелерінің қатысуымен өтті, талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары жер учаскелерін сатып алу шарттары, сатып алынған жерді одан әрі пайдалану сияқты мәселелерді қозғады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия бірауыздан шарт жобаларын ескертулерсіз келісу туралы қаулы шығарды.