Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен!

Қымбатты қостанайлықтар!

           Сіздерді мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

          Бұл Қазақстанның көпұлтты халқының мерекесіне ерекше құрметпен қараймыз. Өйткені, Ұлт Көшбасшысының кемеңгерлігі және болашақты болжай білетіндігі, даналығы мен табандылығының арқасында біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігінің тарихи кезеңі басталғандығы баршаға аян. Дүниежүзілік саясатта «Қазақстандық даму жолы» деп аталатын жаңа түсінік пайда болды.

          Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа мемлекеттің болашағы үшін тарихи жауапкершілікті өзіне алды. Оның осындай жауапкершілікті жете сезінуінің  арқасында бірлік, тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім нығайды, дамудың даңғыл жолына түстік. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Президентіміздің жүргізіп жатқан реформалары мен әлемдік саясат және бірлікті толық қолдайды. Елбасының есімімен біз республикамыздағы тұрақтылық пен еліміздегі экономикалық өркендеу және басқа да қол жеткізген табыстарымызды тығыз байланыстырамыз. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басшылығымен мемлекетіміз бәсекеге қабілетті елге және интеллектуалды ұлтқа айналды.

          Құрметті жерлестер! Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық және бақыт тілеймін. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін, барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!

 

 

Қостанай қалалық

мәслихатының хатшысы

   Б. Сандыбеков