Жаңалықтар

Жаңалықтар

12 қарашада қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Н.Сандыбековтың төрағалығымен Жетінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Өтебаев Асылхан Қалмұханұлы қатысты.

Карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты сессия қашықтықтан өткізілді. Күн тәртібіне 5 сұрақ қойылды.

Алғашқы төрт мәселе ескертусіз қаралды. Депутаттар қала әкімі ұсынған комиссияның дербес құрамына енгізілген өзгерістерді бірауыздан бекітті. Осыдан кейін сессия жұмысында үзіліс жасалды.

15 қарашада мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өз жұмысын жалғастырды. Қостанай қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы А.К. Өтебаев қалалық бюджетті нақтылаудың негізгі себебі мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу болып табылатынын атап өтті.

Депутаттар бірауыздан «Қостанай қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» жобасын бекіту туралы шешім қабылдады.