Қостанай қалалық мәслихатының жетінші шақырылған тұрақты депутаттық комиссиясының бірлескен отырысы өтті

Қостанай қалалық мәслихатының жетінші шақырылған тұрақты депутаттық комиссиясының бірлескен отырысы өтті

Бүгін 2021 жылғы 11 қарашада мәслихат депутаты И.А. Бибиннің төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының жетінші шақырылған тұрақты депутаттық комиссиясының бірлескен отырысы өтті.

Комиссия жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.К.Утебаев, «Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Н. С. Есергепов қатысты.

 Комиссияда «Қостанай қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» және «Қостанай қалалық мәслихатының және «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санына өзгеріс енгізу туралы» екі мәселе қаралды.

«Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы А.К. Өтебаев мәслихат депутаттарының қарауына "Қостанай қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы"шешімнің жобасын ұсынды. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар шешімнің жобасын мәслихат сессиясының бекітуіне бірауыздан енгізді.