Бүгін, 2026 жылғы 20 тамызда Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Бүгін, 2026 жылғы 20 тамызда Арман Исмаиловтың  төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Уразалинова Алина қатысты.

Күн тәртібінде: Мәслихаттың 2022 жылғы 22 тамыздағы № 147 «Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Қостанай қаласы әкімдігі комиссиясының дербес құрамы Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілді.