Комиссия отырысына «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Даненов Аяз Талгатович, «Қостанай қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айсабаева Азель Фазылахметовна қатысты.
Күн тәртібінде мынадай мәселе қаралды: Қостанай қаласында қаңғыбас жануарларды аулауды, вакцинациялауды, чиптеуді, зарарсыздандыруды және өлтіруді ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органның жүргізіп жатқан жұмысы туралы.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2026 жылғы 18 қаңтардан бастап иесіз және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу функциялары аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарына берілді.
Қостанай қаласында аталған функциялар «Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-не бекітілген.
Жұмыстарды жүргізуге облыстық бюджеттен Ветеринария басқармасынан функцияларды беру шеңберінде қаржы қаражаты бөлінді, олар аудандар мен қалалар арасында бөлінді. Қостанай қаласы бойынша сома 30 млн.теңге немесе 800 бас иесіз және қаңғыбас жануарларға құрады. Аталған қаржы қаражаты келесі бағдарламалар бойынша толығымен бөлінді:
- Аулау – 5 млн. 895 мың теңге;
- Уақытша ұстау – 8 млн. 016 мың теңге;
- Сәйкестендіру – 2 млн. 068 мың теңге;
- Вакцинациялау және зарарсыздандыру – 14 млн. 064 мың теңге.
Бүгінгі күні Қостанай қаласының аумағында иесіз және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша қызмет көрсетуші «Олейничук Н.А.» ЖК (бұдан әрі – аулау қызметі) болып табылады.
Жыл басынан бері 634 бас ит пен мысық ауланып, сәйкестендіріліп, вакцинацияланып, зарарсыздандырылып, табиғи мекендеу ортасына жіберілді, 50 бас ит олардың агрессивтілігіне байланысты өлтірілді. Жануарларды аулау жұмысы жалғасуда.
Қала тұрғындарынан жануарларды аулауға өтінімдер I-komek жүйесі арқылы, сондай-ақ Е-Өтініш порталы арқылы түседі. Жыл басынан бері I-komek жүйесі арқылы 829-дан астам өтініш, Е-Өтініш порталы арқылы – 50-ден астам өтініш түсті.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректеріне сәйкес, бүгінгі күні Қостанай қаласы бойынша иттердің адамдарға шабуыл жасауының 299 жағдайы тіркелді. Бұл ретте иесіз және қаңғыбас иттердің шабуылынан 196 адам зардап шекті.
«Қостанай қаласында қаңғыбас жануарларды аулауды, вакцинациялауды, чиптеуді, зарарсыздандыруды және өлтіруді ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органның жүргізіп жатқан жұмысы туралы» ақпарат депутаттармен бірауыздан назарға алынды, сондай-ақ тиісті қаулы қабылданды.