
Сессия жұмысына Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Манатова Ақбөпе және «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Жидебаева Гаухар қатысты.
Күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралған екі мәселе бекітілді.
Бірінші мәселемен Қостанай қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі, сондай-ақ осы шешімге енгізілген барлық өзгерістер күші жойылды деп танылды.
Екінші мәселемен кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді.