Күн тәртібінде «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау туралы «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 30 шілдедегі №02-18/550 «Коммуналдық мүлікті өткізуді келісу туралы»хатын қарау туралы; «Қостанай қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы және «Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» мәслихаттың 2020 жылғы 26 маусымдағы №484 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралды.
«Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Марат Темирбаев комиссияға жер учаскелерін алу рәсімінің барысы туралы хабарлады Сонымен қатар комиссияға жер учаскелерінің иелері қатысып, шарттардың талаптарымен келіскендерін ауызша растады
«Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Сегизбаева Алияның ақпараты бойынша Қостанай қаласының әкімдігіне «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміндегі мүлікті өткізуді келісу туралы «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдаухаты келіп түсті
Ұсынылған өтініш бойынша Mitsubishi Outlander II XL маркалы автокөлікті сату мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру және өткізу ұсынылады Депутаттар атаулы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуді орынсыз деп тапты
Сондай-ақ, комиссия отырысында «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Гаухар Жидебаева сөз сөйлеп, комиссия мүшелерін Қостанай қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициентін бекіту жөніндегі комиссияның дербес құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы таныстырды Шешімнің жобасы сессияның бекітуіне енгізілді
Сонымен қатар, комиссияда «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Манатова Ақбопе Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы ақпарат берді Шешімнің жобасы сессияның бекітуіне енгізілді