Бүгін, 2026 жылғы 9 маусымда Қостанай қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын Арман Исмаиловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Бүгін, 2026 жылғы 9 маусымда Қостанай қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын Арман Исмаиловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі Құзбағаров Азамат және «Қостанай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің тапсырмаларды бақылау инспекторы Бондаренко Виктория қатысты.

Күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралған 4 мәселе депутаттардың бірауыздан шешімімен бекітілді.

Бірінші мәселе бойынша: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты 2026 жылға Қостанай қаласы бойынша кондоминиум нысанын басқаруға төлемдердің ең төменгі мөлшерін 0,010 (нөл бүтін он мыңнан) айлық есептік көрсеткіш ретінде белгіледі, ол тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Екінші мәселе бойынша: Қостанай қаласының Аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 8 «Участкалық сайлау комиссиясын құру туралы» қаулысымен № 882 учаскелік сайлау комиссиясы құрылды, мекенжайы: Қостанай қаласы, Береке шағынауданы, 142/2, Қостанай қаласының білім бөлімінің «№ 31 жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимараты.

Қостанай қаласының Аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 9 «Участкалық сайлау комиссиясының сандық құрамын анықтау туралы» қаулысымен № 882 учаскелік сайлау комиссиясының 7 мүшеден тұратын сандық құрамы бекітілді.

Сайлау комиссиялары құрамдарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында осы жылғы 15 мамырда № 882 учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ақпаратты орналастырып, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге № 882 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар ұсынуға өтініш білдірді.

Белгіленген мерзімде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне 4 партия филиалы мен 3 қоғамдық бірлестік кандидатуралар ұсынды. Ұсынылған барлық кандидатуралар қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі үшін қаралды.

Үшінші мәселе бойынша: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.

Қостанай қаласының Аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 10 «Участкалық сайлау комиссияларының мүшелерін босату туралы» қаулысымен учаскелік сайлау комиссияларының 69 мүшесі міндеттерінен босатылды.

Сайлау комиссиялары құрамдарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында осы жылғы 15 мамырда сайлау комиссиялары құрамдарын қалыптастыру туралы ақпаратты орналастырып, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсынуға өтініш білдірді.

Белгіленген мерзімде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің бос орындарын толтыру үшін 4 партия филиалы мен 5 қоғамдық бірлестік кандидатуралар ұсынды. Сондай-ақ, ұсынылған барлық кандидатуралар қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі үшін қаралды.

Төртінші мәселе бойынша: Кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай қаласы әкімі ұсынған Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының жеке құрамына өзгерістер енгізілді.