Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама

Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама

Қостанай қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылдың 9 маусымында сағат 16:00-де келесі мекен-жай бойынша өтеді: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, 208-кабинет.

Анықтама үшін телефондар: 8 (714-2) 57-55-61, 8 (714-2) 54-26-46.

Сессияның күн тәртібінің негізгі мәселелері:

  1. Қостанай қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум нысанын басқаруға және кондоминиум нысанының жалпы мүлігін ұстауға аударымдардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы.
  2. № 882 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
  3. Кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
  4. «Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 22 тамыздағы № 147 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.