Күн тәртібінде «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін сатып алу туралы шарттың жобасын қарау туралы», «2026 жылға арналған Қостанай қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жарналардың ең аз мөлшерін бекіту туралы», «№ 882 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» және «Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» мәселелер қаралды.
«Қостанай
қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Марат Темірбаев комиссияға жер учаскесін алу рәсімінің барысы туралы хабарлады. Сонымен қатар, комиссияға жер учаскесінің меншік иесі қатысты, ол шарт талаптарымен келісімін ауызша растады.
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Азамат Күзбағаровтың (бұдан әрі - Тұрғын үй қатынастары бөлімі) ақпараты бойынша 2025 жылы кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың ең аз мөлшерін есептеудің үлгілік әдістемесіне өзгерістер енгізілді. Жарналардың ең төменгі мөлшері бұрынғыдай теңгемен емес, тиісті қаржы жылына бекітілген АЕК есептеледі.
Сондай-ақ, комиссия отырысында «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Айжана Тлеугалеева сөз сөйледі, № 882 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау және шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы ақпарат ұсынды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты талқылап, тыңдап, жер учаскесін сатып алу туралы шарт жобасын бірауыздан келісіп, Қостанай қалалық мәслихатының сессиясын бекітуге күн тәртібіндегі мәселелерді енгізді.