Отырысқа Қостанай қаласының әкімінің орынбасары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселе қаралды: 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде.
«Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Турлубекова Наталья өз баяндамасында қала бюджетін нақтылау қажеттілігінің себептерін түсіндірді.
Ақша қаражаты компьютер техникасын сатып алуға бөлінеді.
Қостанай қаласын сәулеттендіру тұжырымдамасы аясындағы бюджет қаражаты балалар ойын кешенін орнатуға, «Аэропорт» шағын ауданындағы «Керуен» саябағындағы скейт-алаңын жөндеуге, «Жастар бульвары» мен «Набережная» саябақтарындағы 6 көшелік спорт тренажерлерін ауыстыруға бағытталған.
Сондай-ақ ақша қаражаты әлеуметтік салаға, тұрғын үй қатынастары, құрылыс саласына және т.б. бөлінді.
Отырыс нәтижесінде депутаттар қала бюджетіне енгізілген өзгерістер мен нақтылауларды бірауыздан қолдап, жобаны Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекіту үшін енгізді.