Қостанай қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМА

Қостанай қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы  ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 1 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында (www.maslihat.kostregion.gov.kz) орналастырылған.     

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы                   1 маусымға дейін дүйсенбіден жұма күніне дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ға дейін жүзеге асырылады.

 Қостанай қалалық мәслихаты

Қостанай қалалық мәслихатының  төрағасы - Байгабулов Омаргали Кабиевич.  

Мәслихаттың орналасқан жері: Қостанай қаласы, Пушкин к-сі, 98.

Жауапты адам - Тлеугалеева Айжана Эрбулановна, каб. №209, (87142) 575561, maslihatkost@mail.kz.

 

Қалалық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

  1. Учаскелік сайлау комиссиялары

№ р/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

Көше

Үй

 

 

 

 

 

 

 

1

882

 «Қостанай қаласы білім бөлімінің №31 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты

Қостанай қ.

Береке

 шағын ауданы

142/2

7

 

Қостанай қалалық мәслихат

 

өтініш

ұсыныс