Бүгін, 2026 жылғы 8 мамырда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Бүгін, 2026 жылғы 8 мамырда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы – Ұразалинова Алина қатысты.

Күн тәртібінде депутаттардың бір дауыс шешімімен тұрақты комиссиялар отырысында алдын ала қаралып, сессияға бекітуге енгізілген 2 мәселе бекітілді.

Қостанай қаласы әкімі ұсынған құрам бойынша Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар арасында өзін-өзі өлтірудің алдын алу бойынша мекемеаралық комиссияның жеке құрамы бекітілді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 6 қазанындағы № 80 «Қостанай қаласы әкімі жанындағы өзін-өзі өлтірудің алдын алу бойынша жұмыс тобының жеке құрамын бекіту туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі жойылды.