Бүгін, 2026 жылғы 4 мамырда Надежда Костенюк төрайылығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Бүгін, 2026 жылғы 4 мамырда Надежда Костенюк төрайылығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Куанышбай Аманкулов, «Қостанай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің инспекторы Виктория Бондаренко  қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. 2026 жылға Қостанай қаласы бойынша кондоминиум нысанын басқаруға және кондоминиум нысанының жалпы мүлігін ұстауға аударымдардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы.
  2. Қостанай қалалық мәслихатының шешімін жою туралы.
  3. Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар арасында өзін-өзі өлтірудің алдын алу бойынша мекемеаралық комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша «2026 жылға Қостанай қаласы бойынша кондоминиум нысанын басқаруға және кондоминиум нысанының жалпы мүлігін ұстауға аударымдардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешім жобасы депутаттардың бірауызды шешімімен қайта өңдеуге жіберілді.

Күн тәртібінің екінші және үшінші мәселелері депутаттардың бірауызды шешімімен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілді.