Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама

Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама

Қостанай қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде сағат 15:00-де өтеді. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, кіші мәжіліс залы.

Анықтама үшін телефондар: 8 (714-2) 57-55-61, 8 (714-2) 54-26-46.

Сессияның күн тәртібінің негізгі мәселелері:

  1. Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығу орнына сайлау туралы.
  2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 14 маусымдағы № 38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.