
Бүгін, 2026 жылғы 17 сәуірде Исмаилов Арманның төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн
тәртібінде: 1) «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 2 қарашадағы №61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; 2) Мәслихаттың 2023 жылғы 14 маусымдағы № 38 «Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»; 3) «Шығып қалғандардың орнына Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралды.
Манатова Ақбопенің ақпараты бойынша Қостанай қалалық мәслихатының 2023 жылғы 02 қарашадағы № 61 шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) өзгерістер енгізіледі.
Әлеуметтік
көмек алу үшін азаматтардың мынадай санаттары алынып тасталады:
-
мүгедектігі бар адамдарға олардың оңалту орталықтарына және кері қайтуына байланысты шығыстарды өтеу үшін;
-
мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыдан басқа табысы жоқ жалғыз тұратын мүгедек адамдарға;
-
жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан адамдарға, қайтыс болған күні еңбек ұтқырлығы орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге;
-
мүгедектігі бар адамдарға және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға жоғары оқу орындарында және арнаулы орта оқу орындарында оқуға 400 АЕК мөлшерінде. Бұрын көмектің осы түрін алған және оқытуды жалғастыратын адамдарға оқу фактісін, оның құнын растайтын құжаттарды ұсынған кезде төлемдер оқу аяқталғанға дейін жалғасады.
Оқытуға
әлеуметтік көмекке жаңа өтініш қабылданбайды.
Отырыс
қорытындысы бойынша комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылаған соң, бірауыздағы шешіммен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясының бекітілуіне шешімдердің жобаларын енгізді.