Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығу орнына сайлау туралы ХАБАРЛАМА

Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығу орнына сайлау туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес шығып қалғандардың орнына Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау жөніндегі мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 15 cәуірге дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының сайлау жөніндегі құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), Жоғары тұрған сайлау комиссиясының Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың Қостанай қалалық  және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың жұмысқа қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған (www.maslihat.kostregion.gov.kz).

Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне белгіленген бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы тиіс.

Комиссияның сайлау комиссияларының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 15 сәуірге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Қостанай қалалық мәслихаты

Байгабулов Омаргали Кабиевич - Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.

Жауапты тұлға - Тлеугалеева Айжана Эрбулановна, №209 бөлме, (87142) 575561, maslihatkost@mail.kz.

 

Қостанай қалалық мәслихаты

Қостанай қалалық және учаскелік мүшелерін сайлайды

 

Комиссияның атауы

Орналасқан жері

 

1

Қостанай қалалық сайлау комиссиясы

Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98

Қостанай қаласы әкімдігінің ғимараты

2

 

№ 2

учаскелік сайлау комиссиясы

 

Қостанай қ., М. Дулатов көшесі, 72, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

3

№ 15

учаскелік сайлау комиссиясы

 

Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі, 118Б, «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесінің ғимараты.

4

№ 19

учаскелік сайлау комиссиясы

 

Қостанай қ., Перронная көшесі, 20, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Облыстық қуыршақтар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

 

5

№ 45

учаскелік сайлау комиссиясы

 

Қостанай қ., Дмитрий Герасимов көшесі, 4, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 29 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

6

№ 47

учаскелік сайлау комиссиясы

 

Қостанай қ., Чернышевский көшесі, 59, «М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесінің ғимараты.

7

№ 74

учаскелік сайлау комиссиясы

 

Қостанай қ., 7-шағын ауданы, 25/2, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

8

№ 857

учаскелік сайлау комиссиясы

 

Қостанай қ., «Юбилейный» шағын ауданы, 56, «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Образец заявления УИК, каз

Образец заявления ТИК, каз

Предложение ПП и ОО каз

Предложение ПП и ОО ТИК каз