
Сессия жұмысына Қостанай қаласының әкімінің орынбасары Алмат Исенбаев, Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік бөлімдерінің басшылары және шақырылған тұлғалар қатысты.
2026 жылға арналған Қостанай қалалық мәслихатының Жұмыс жоспарына сәйкес, мәслихат төрағасының 2025 жылы мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалып, бұл экранда слайдтар көрсетілуімен қоса жүргізілді. Жалпы алғанда, мәслихат төрағасының есебі жан-жақты қаралды және депутаттардың бір дауыспан шешімімен бекітілді.
Сонымен қатар, Қостанай қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Галимов Абылайхан мен Азаматтық жағдай актілерін тіркеу басқармасының басшысы Жүкеева Сабинаның "Қостанай қаласы аумағындағы халықтың демографиясы және көші-қоны туралы" ақпараты тыңдалды. Ақпарат депутаттардың бір дауыспан шешімімен ескеруге қабылданды.