Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыста Қостанай қаласының әкімінің орынбасары және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселе қаралды:

26 желтоқсан 2025 жылғы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде.

«Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Тұрлыбекова өз баяндамасында қала бюджетін нақтылау қажеттілігінің себептерін түсіндірді.

      Ақша қаражаты 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтің 34%-ға өсуіне байланысты жылу энергиясын төлеуге қосымша қажеттілікке бөлінеді.

Қостанай қаласын күрделі жөндеу тұжырымдамасы аясындағы бюджет қаражаты «Береке» шағынаудасында 9 қабатты тұрғын үйлер салуға, «Құнай» және «Береке» шағынаудаларындағы тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге, «Аэропорт» шағынаудасындағы 900 орындық орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникациялар салуға бағытталды.

Сондай-ақ ақша қаражаты әлеуметтік салаға және Нариманов базарының ғимараттарын (13 нысан) құлатуға және басқаларына бөлінді.

Жиналыс нәтижесінде депутатардың бір дауыс пен шешімімен қала бюджетіне енгізілген өзгерістер мен нақтылаулар қолдау тауып, жоба Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге ұсынылды.