Бүгін, 2026 жылғы 6 наурызда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Бүгін, 2026 жылғы 6 наурызда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе ретінде «Қостанай қалалық мәслихатының 2024 жылдың 13 желтоқсанындағы № 137 «Қостанай қаласы бойынша тұрғындар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және жерлеу тарифтерін бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихаттың 2022 жылдың 26 қыркүйегіндегі № 155 шешімінен бас тарту туралы» шешімі (бұдан әрі – № 137 шешімі) қарастырылды.

Осылайша, 2025 жылдың 3 сәуірінде Қостанай қалалық мәслихатына № 137 шешімін заңсыз деп тану туралы Қостанай қаласы прокуратурасының № 2-090107-25-01435 наразылығы түсті. Наразылық 2025 жылдың 11 сәуірінде қабылданбады.

Сонымен бірге, Қостанай қаласы прокуратурасы № 137 шешімін заңсыз деп тану туралы Қостанай облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (бұдан әрі – МАЭС) талап қоюды жіберді. 2025 жылдың 3 желтоқсанындағы МАЭС-тің № 3971-25-00-2/4105 шешімімен қала прокуратурасының талабы қанағаттандырылды.

 Шешіммен келіспей, Қостанай қалалық мәслихаты апелляциялық шағым жіберді. Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылдың 3 ақпанындағы №3999-26-00-2а/76 қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырылмады, МАЭС шешімі өзгеріссіз қалды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес келмейтін мәслихат шешімдері мәслихаттың өзі немесе сот тәртібімен жойылады.