Отырысқа «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Турлубекова, «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тапсырмаларды бақылау жөніндегі инспекторы Виктория Бондаренко қатысты.
Күн тәртібінде мәселелер қаралды:
- Мәслихаттың 2025 жылғы 11 тамыздағы № 178 «Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 22 тамыздағы № 147 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Халық қатысатын бюджетті іске асыру шеңберінде Қостанай қаласы тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешімдерді қабылдауды жүзеге асыру үшін Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы Сараптамалық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Депутаттардың бірауыздан шешімімен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясын бекітуге Қостанай қаласы әкімдігі комиссияларының дербес құрамы және «Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» мәселе енгізілді.