
Сессия жұмысына "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Бақтияр Жұмабеков қатысты.
Күн тәртібінде депутаттардың бірауыздан шешімімен "Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы"бір мәселе бекітілді. Осы нормативтік құқықтық акт Қостанай қалалық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп тану үшін қажет:
1) "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8144 болып тіркелген) (бұдан әрі – шешім);
2) "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы "мәслихаттың 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 21 қарашадағы № 65 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10090 болып тіркелген).
Шешім "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 510-бабына сәйкес қабылданды, ол ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты күшін жойды.
Осыған байланысты жоғарыда аталған актілердің күші жойылды деп таныла отырып, оларды сәйкестікке келтіру қажет.