Бүгін, 2025 жылғы 30 желтоқсанда мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын Арман Исмаиловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Бүгін, 2025 жылғы 30 желтоқсанда мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын Арман Исмаиловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ақбопе Манатова және "Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Турлубекова қатысты.
Күн тәртібінде депутаттардың бірауыздан шешімімен кадрлық өзгерістерге байланысты комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер бекітілді. Мәселелер тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала қаралып сессияның бекітуіне енгізілді:

  1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу үшін арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2017 жылғы 21 қарашадағы № 187 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Халық қатысатын бюджетті іске асыру шеңберінде Қостанай қаласы тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін Қостанай қаласының әкімдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 68 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі мерзімде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 10 қазандағы № 125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.