
Отырысқа Қостанай қаласы әкімінің орынбасары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты.
Комиссияда «Қостанай қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 147 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
«Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наталья Турлубекова өз баяндамасында қалалық бюджетті нақтылау қажеттігін түсіндірді.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша қалыптасқан үнемдеу жыл соңына жергілікті бюджетке қайтарылды.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар қала бюджетіне ұсынылған өзгерістер мен нақтылауларды бірауыздан қолдап, жобаны Қостанай қалалық мәслихатының сессиясын бекітуге енгізді.