Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларының бірлескен отырысы өтті

 

 

 

 

 

Бүгін, 2025 жылғы 19 қарашада Арман Исмаилов төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Қостанай қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» мәселе қаралды.

Шешім жобасы бойынша ұсынымдар беру, сондай-ақ оңайлатылған декларация бойынша арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 4% - дан 3% - ға дейін төмендетуге қатысты әкімнің оң қорытындысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ағымдағы жылғы 13 қарашадағы атаулы шешім жобасын мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жазбаша жауабына сәйкес комиссия мүшелері осы шешімді Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізу туралы бірауыздан шешім қабылдады.