
Күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала қаралған 2 мәселе бекітілді:
1. Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
2. Мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Бірінші мәселе бойынша "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес сайлау комиссияларын құрайтын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы ағымдағы жылдың 21 қазанында Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі ақпаратты орналастырды және саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерге сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар беру туралы жүгінді.
Белгіленген мерзімде 4 партия филиалы мен 3 қоғамдық бірлестік сайлау комиссиялары мүшелерінің бос лауазымдарына орналасуға 12 кандидатуралар ұсынды. Барлық ұсынылған кандидатуралар қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан қаралды.
Екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 28 шілдедегі № 279 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің Үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Осыған байланысты "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Нормативтік құқықтық актінің жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) актіні қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестендіру үшін әзірленді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешім жобасы бойынша көрсетілген ескертулеріне байланысты шешімнің мәтіні бойынша шешімнің 1-тармағы және 1-қосымшаның КЕПІЛІ өзгертілді. Атап айтқанда, "тәртіп" сөзі "Қағидаларға"ауыстырылды.