Бүгін, 2025 жылғы 12 қарашада Арман Исмаилов төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Бүгін, 2025 жылғы 12 қарашада Арман Исмаилов төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Жибек Сиитова, «Қостанай облысы жеке кәсіпкерлер одағы» ҚБ басшысы Валентина Шмонина қатысты және әкімдік бөлімдерінің қызметшілері.

Күн тәртібінде мәселелер қаралды:

1.Қостанай қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.

  1. «Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Учаскелік сайлау комиссияларының шығып кеткендерінің орнына мүшелерін сайлау туралы.

 Шешімдер жобалары бойынша ұсынымдар беру, сондай-ақ оңайлатылған декларация бойынша арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 4% - дан 3% - ға дейін төмендетуге қатысты әкімнің оң қорытындысы тұрғысынан шешім жобасын келісуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, депутаттардың бірауыздан шешімімен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясын бекітуге «Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Учаскелік сайлау комиссияларының шығып кеткендерінің орнына мүшелерін сайлау туралы." мәселелер енгізілді.