
Отырыста комиссия мүшелері «Қостанай қаласының қоғамдық кеңесінің жаңа құрамының қызметі туралы: проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары», «Әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігі және халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы», «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы» жоспарлы мәселелерді қарады. Сондай-ақ, Қостанай қалалық мәслихатының шешімінің күшін жою және кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Қостанай
қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қуанышбаев Сеиітбектің ақпараты бойынша Қостанай қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамына 19 адам кіреді. Қоғамдық кеңес жанынан үш комиссия құрылды: экономика және жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша; әлеуметтік мәселелер және жұртшылықпен жұмыс бойынша; заңдылық, құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша.
«Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Манатова Ақбопенің ақпараты бойынша, әлеуметтік қолдау шаралары жүйесінде мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға әлеуметтік қызметтер көрсету ерекше орын алады. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған мүгедектігі бар адамдардың саны 9139 адам, оның ішінде 1563 мүгедек бала.
Сондай
– ақ, осы мәселе бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Тұрғын үй қатынастары бөлімі) тұрғын үйді бөлу секторының меңгерушісі Кайрат Кудабаев сөз сөйлеп, комиссия мүшелеріне ағымдағы жылдың 24 мамырына дейін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қоюға өтінімдерді қабылдау «Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесінде» жүзеге асырылғанын хабарлады «Kezekte.kz» аталған мемлекеттік қызметті тұрғын үй қатынастары бөлімі көрсетті.
2024
жылғы 22 қарашада «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты 2025 жылғы 24 мамырдан бастап азаматтар үшін Отбасы банкінің «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жаңа ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол Порталда орналасқан orken.otbasybank.kz. бүгінгі күні барлық әрекет етуші кезекте тұрғандар базасы 2025 жылғы 17 маусымда Отбасы Банкіне берілді.
«Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Совнукаева Эмилияның ақпараты бойынша ағымдағы жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жастар саясатын іске асыру мақсатында Қостанай қаласында 86 млн.теңге сомасына 10 жобаны іске асырды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 25% - ға артық.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері баяндамаларды тыңдап, талқылап, ұсынылған ақпаратты назарға алып, аталған салалардың қазіргі проблемаларына қарамастан, облыс орталығы тұрғындарының игілігі үшін мақсатты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.