Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының көшпелі отырысы өтті

Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының  көшпелі отырысы өтті

Бүгін, 2025 жылғы 8 қазанда Омаргали Байгабулов төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының «Тазалық-2012» ЖШС көшпелі отырысы өтті. «Қостанай қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтерді өзгерту қорытындылары бойынша жүргізілген талдау және жұмыс нәтижелері туралы» мәселе қаралды.

Комиссия отырысына «Тазалық – 2012»  ЖШС директоры Мария Нефёдова және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын  және «Тазалық-2012» ЖШС базасын аралап, кәсіпорын ұжымымен еңбек жағдайлары мен еңбекақысына қатысты кездесу және әңгімелесу өткізді.

Көшпелі отырыс барысында Қостанай қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтерді өзгерту қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат алынды.